Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкіні жүрді, қаза болғандар бар
Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкіндері жүрді, деп хабарлады тәжікстандық Ховар және қырғыстандық Кабар ақпарат агенттіктері.
Фото: khovar.tj
16:46 20.02.2023
19 ақпанда Тәжікстанның таулы аймақтарында бірнеше қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы жабылды. 15-19 ақпан күндері Тәжікстанда 200 қар көшкіні, 7 саз көшкіні және 6 тасқұлама жүрді. Қар көшкіні салдарынан 19 тәжікстандық қаза тапты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай 16 ақпанда Тәжікстанда тұрғын үйлерді қар көшкіні басып, 15 адам қаза тапты.
Ал Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Тогуз-Тороу ауданында қар көшкіні астында қалған 45 жастағы ер адамның денесі табылды.
Агенттіктің мәліметінше Қырғызстандағы Атай ауылының 1978 жылғы тұрғыны жылқы бағу үшін Ала-Жыга учаскесіндегі тауға шыққан. Қар көшкіні түсіп, тұрғын оның астында қалып қойған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!