{metadescription}

Түркияда із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«2023 жылғы 8 ақпанда Хатай өлкесінің Антакья қаласында іздеу жұмыстарының нәтижесінде Түркия құтқарушылары Қазақстан азаматы Сабина Мамадьярованы қираған үйден тауып, шұғыл түрде Адана қаласындағы «Ceyhan» ауруханасына жеткізді. Өздеріңіз білетіндей, оның зақымдалған қолына операция жасалды. Анталиядағы бас консулымыз оған жеке барып қайтты, дәрігерімен сөйлесті. Қазір ол әлі де дәрігерлердің бақылауында, жанында туыстары бар», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифинг барысында.

Сонымен қатар ол Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан отандастарымыздың туыстарына мәйіттерді отанына жеткізуге көмек көрсетілгенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Түркияда жер сілкінісі салдарынан жоғалған ҚР азаматтары туралы қосымша ақпарат келіп түскен жоқ. Дегенмен, дипломаттарымыз жергілікті билікпен байланыста және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімдерін мұқият тексеріп келеді», - деді Айбек Смадияров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде