{metadescription}

Түркияда тағы жер сілкінді: қаза тапқандар бар

Түркияның Хатай провинциясында 5,8 және 6,4 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан үш адам қаза болды.

Алғашқы 6,4 балдық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:04-де, екіншісі 20:07-де сезілген.

«Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр», - деп жазды министр Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Хатай университетінің медицина факультетінде және Искендерун мен Рейханлы мемлекеттік ауруханаларында жатқан жалпы саны 95 пациент екі жаңа жер сілкінісінен кейін сақтық шарасы ретінде Адана мен Дертиол ауруханаларына ауыстырылған.

«Біздің далалық ауруханалар Хатайда кезекшілік етеді», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде