{metadescription}

Түркияда кешегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6-ға жетті

Түркияның Хатай провинциясында 20 ақпанда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6-ға  жетті. Үйінді астында қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, елдің Табиғи апаттар салдарын жою басқармасы (AFAD) дүйсенбі күні Хатай провинциясында үш минуттық айырмашылықпен және магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын екі жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын.

Провинцияға бұған дейін Түркия президенті Тайып Ердоған барып кеткен болатын, бірақ жер сілкінісі болған кезде ол Кахраманмарашта болған.

Бұған дейін Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі жер сілкінісінен 300-ге жуық зардап шеккенін хабарлады.

«Қаза болғандар саны 6 адамға жетті. Үйінді астында қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлады телеарна.

Дереккөз: Azattyq Ruhy

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде