{metadescription}
Алматыда мектеп мұғалімі теңіз шошқасын азаптап өлтірсе, оқушылары оның денесін бөлшектеп тастады

Алматыда мектеп мұғалімі теңіз шошқасын азаптап өлтірсе, оқушылары оның денесін бөлшектеп тастады

Алматыда сабақ үстінде мектеп мұғалімі теңіз шошқасын азаптап өлтірген соң, оқушылар жануар денесін бөлшектеп тастады. Жануарларды қорғаушылар полициядан аталмыш жағдай қай мектепте болғанын анықтап, мектеп директоры мен мұғалімді жазалауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде мектеп мұғалімі теңіз шошқасын азаптап өлтірген соң, ары қарай оқушылар жануардың денесін кесіп, бөлшектеп жатқаны туралы видео шықты.

Осыған байланысты жануарларды қорғаушылар полициядан аталмыш жағдай қай мектепте болғанын анықтап, мектеп директоры мен мұғалімін жазалауды сұрады.

«Мектептерде жануарларға мұндай зерттеулер жүргізуді дұрыс емес әрі ол балалардың бойында қатыгездік сезімін дамытады», - деп жазды зооқорғаушылар

Аталмыш оқиғаға қатысты Алматы қалалық білім басқармасы ресми жауап берді. Оқиға қаладағы жекеменшік мектеп - «125 Almaty» ЖШС-да болған.

Ведомство мәліметінше, 20 ақпан күні Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 72-бабына сәйкес Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен қалалық білім басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде орналастырылған бейнематериал бойынша мән-жайды анықтау үшін Алматы қаласының «125 Almaty» ЖШС жекеменшік мектебіне барды.

Оқиғаны анықтау барысында аталмыш жағдай 17 ақпанда Алматы қаласының жекеменшік мектебінің 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болған.

Мұғалімнің сөзінше, оқушылардың өтінішімен анатомия және физиология бөлімін жалпылау бойынша тәжірибелік сабақ өткізген.

«Жекеменшік мектеп педагогтарымен бұдан былай мұндай оқиғаларға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігіне мектепішілік бақылауды күшейту, тәрбие жұмысы бойынша қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және жануарларға қатыгездіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан шықты», - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде