{metadescription}
Самара-Шымкент трассасында екі адам мерт болды

Самара-Шымкент трассасында екі адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында екі көліктің соқтығысуынан 2 адам мерт болып, тағы бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«21 ақпан күні сағат 10:30 шамасында Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылынан 3 шақырым қашықтықта, Самара-Шымкент тасжолының 241-шақырымында Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізу тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.

Оқиға орнында Toyota көлігінде болған 29 жастағы жолау мен Hyundai-дың 56 жастағы жолаушысы қаза болды.
Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттармен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде