{metadescription}
Түркістанда заңсыз ішімдік дайындап, сатқан жігіт ұсталды

Түркістанда заңсыз ішімдік дайындап, сатқан жігіт ұсталды

Полицейлер заңсыз ішімдік дайындап, көлеңкелі бизнес ұйымдастырған сарыағаштық жас жігітті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында заңсыз арақ дайындаумен айналысқан тұрғынды ұстады. Оның үйіне тінту жүргізген жедел уәкілдер гаражынан күмәнді заттар тапты. Нақтырақ айтсақ, полицейлер айғақты зат ретінде 200-ден астам бөтелкедегі алкоголь өнімі, 150-ден астам әр түрлі алкоголь өнімдерін құюға арналған ыдыстар, 146 дана акциздік марка, этиль спирті мен сұйықтықты бөтелкелерге құюға арналған құрылғыларды тәркіледі.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 233-бабы (Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, күдікті уақытша жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өз жауабында, бұл заңсыз бизнеспен 2022 жылдың мамыр айынан бастап айналысқанын мойындады. Бүгінде оқиғаның мән-жайын, күдіктінің қандай да бір сыбайластарын анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Фото: polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.