{metadescription}
Баласына вакцина салғызбайтын ата-аналар көбеюде

Баласына вакцина салғызбайтын ата-аналар көбеюде

Соңғы жылдары 6 мыңнан астам ата-ана балаларын вакциналаудан бас тартқан.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз жыл сайын мониторинг жүргіземіз және өкінішке орай, соңғы жылдары вакцинадан бас тартқан тұрғындардың саны артқан. Соңғы жылдары 6 мыңнан астам ата-ана балаларын вакциналаудан бас тартқан. Дегенмен біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, өйткені вакцинадан бас тартқан ата-ана инфекциялардың қандай ауыр екенін, оның салдары қандай екенін түсінбейді. Біз олардың вакцинадан бас тартуының себебін анықтаймыз. Барлық факторларды ескере отырып, теологтарды да діни тұрғыдан түсіндіру жұмыстарына қосамыз», - деді Н. Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешеваның айтуынша, қызамық ауруы тарағанда қаншама бала ауырды және қайтыс болғандары да бар. Көптеген бала мүгедек болып қалды.

«Коронавирусты алсақ та, қанша адам реанимацияда болғанын, қанша адам қайтыс болғанын тексердік. Мұнда вакцина алған бірде-бір адам қайтыс болған жоқ. Бұл вакцинадан кейін ауырмайтыныңызды білдірмейді, дегенмен ауру жеңілірек болады», - деп түсіндірді Динагүл Баешева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде