{metadescription}
Елорда жатақханасында тұратын 25 адам газдан уланып қалды

Елорда жатақханасында тұратын 25 адам газдан уланып қалды

Елордада жатақханада тұратын 25 адам, оның ішінде 9 бала газдан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 ақпанда таңғы 8 сағат 50 минутта 103 жедел жәрдемнен 4-қабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының улы газбен улануы туралы хабарлама түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілді.

Алдын ала себеп – қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы. Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен. Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде