{metadescription}
Қарағандыда жол салу кезінде 2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

Қарағандыда жол салу кезінде 2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

Қарағандылық прокурорлар жол салу кезінде 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының прокуратурасы жол құрылысы саласы бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

«Қарағанды облысының прокуратурасы «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметінде автомобиль жолдарының сапасы мәселелері бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде нақты орындалмаған жұмыстарға орындалды деп, актілерге қол қою фактілері анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Карл Маркс және Магнитогорск көшелеріндегі автожолды күрделі жөндеу кезінде 2 млрд теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты жымқырылған», - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижелері бойынша бөлім басшылығына қатысты ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл қылмыстық іс қадағалаушы ведомствоның бақылауында, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.