Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42,3 мыңнан асты
Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 42 310 адамға жетті.
Фото: aa.com.tr
11:10 22.02.2023
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг провинцияларында көптеген адам шығыны тіркелді.
Апат аймағынан эвакуацияланғандар саны 448 018 адамға жетті.
Қазіргі уақытта апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ халықаралық құрылымдарды қосқанда 14 740 қызметкер жұмылдырылған.
Жалпы, жер сілкінісі болған аймақтарда 242 392 адам, оның ішінде полиция, жандармерия, жедел жәрдем және т.б. бар.
Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.
Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзеті қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін барлығы 38 кеме бөлді.
301 289 шатырды орнату аяқталды.
Сондай-ақ, облыста 6375 модульдік үй құрылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!