{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

21-не 22 ақпанға қараған түні Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Автокөліктердің соқтығысуына ауа райының күрт нашарлауы себеп болған. Өңірде түнде көктайғақ болып, жел күшейе түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші апат 21 ақпан сағат 08.45-те Абай қаласынан 5 км қашықтықтағы Қызылорда-Павлодар тас жолында орын алды. Nissan Note көлігі «ПАЗ 320530-02» жұмыс автобусымен соқтығысқан.

Нәтижесінде Nissan Note көлігінің 39 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан қайтыс болды. Автобуста зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, сол күні сағат 20.50-де Алматы-Екатеринбург тас жолында Қарағандыдан 25 км қашықтықта 32 жастағы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 38 жастағы ер адамның басқаруындағы Volkswagen Passat жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан Toyota Corolla жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Volkswagen Passat жүргізушісі және осы көліктің салонында болған екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш фактілер полицияда тіркелді, тиісті сараптама тағайындалған, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жалпы, бір тәулік ішінде Қарағандыда 24 жол-көлік оқиғасы болды. Барлық жағдайда жүргізушілер жол қозғалысы ережесін сақтамаған.

Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, бұрылу ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.

Көктайғақ жағдайында көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы және тежемеуі тиіс.

Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің тоқтағынына көз жеткізуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде