Алдағы тәулікте 28 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады.
15:24 22.02.2023
«Алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол бтүсіп, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын болжанады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін аязға дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 аязға дейін аяз болады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!