{metadescription}
Дархан Сапанов ШҚО әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Дархан Сапанов ШҚО әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Дархан Сапанов тағайындалды.

Дархан Бақытжанұлы 1985 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-энергетик мамандығы және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін менеджер мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы департаменттің бас маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылы – «Астанаэнергосбыт» ЖШС инженері, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы болған.

2009 жылдан Премьер-Министр Кеңсесінің бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде