{metadescription}
Қарағандыда 75 адамды қағазда бар, өмірде жоқ жұмысқа орналастырған

Қарағандыда 75 адамды қағазда бар, өмірде жоқ жұмысқа орналастырған

Қарағанды облысында 75 азаматты жұмысқа орналастырудың жалған фактілері анықталды.

Бұған қоса 54,5 млн теңге сомаға 36 грант негізсіз берілген және пайдаланылған. Осы және басқа да кемшіліктерді облыстық прокуратура қызметкерлері анықтаған.

Облыс прокуратурасы мемлекеттік грант беру кезінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың бірнеше рет бұзылғанын анықтаған.

Тексеріс барысында 58 млн теңгені тиімсіз пайдалану, 20 млн теңге сомасында грантты мақсатсыз пайдалану дерегі де белгілі болған.

1691 жұмыссыз азаматты оқытқан соң жаңадан алған мамандығы бойынша 44% немесе 760 адам ғана жұмысқа орналастырылған.

«Мысалы, Осакаров ауданында 2021 жылы 10 миллион теңге бюджет қаражатына талап етілмеген мамандықтар бойынша 65 адам оқытылып, нәтижесінде 10 адам ғана жұмыс тапқан. 54 миллион теңге сомасына 36 грант негізсіз берілген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Грант бизнес субъектілеріне өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған. Бизнес-идеяларды іске асыруға алынған мемлекеттік грант оқытуға және басқа да мақсаттарға жұмсалған», - деді Қарағанды облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы Бекзат Ахметов.

Нысаналы топтарға жатпайтын Қарағанды, Шахтинск, Абай, Ақтоғай аудандарында 9,8 миллион теңгеге 9 грант берілді.

11 кәсіпкер 6,4 миллион теңгеге грант алғаннан кейін өз қызметін тоқтатқан.

Нәтижесінде жоспарланған жаңа жұмыс орындары құрылмаған. Сонымен қатар азаматтарды жалған жұмысқа орналастырудың 75 фактісі анықталды.

Бұл орындарға басқа ұйымдардың қызметкерлері немесе жұмыс істеп жүрген қызметкерлер «орналастырылған».

«Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың ішкі еңбек нарығын қорғауға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ 2021-2022 жылдары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға бағытталған заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді. Оның барысында заңнаманың және халықты жұмыспен қамтудың және мемлекеттік грант беру қағидаларының бұзылғаны анықталды», - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуроры Ботакөз Сайлаубаева.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актілері жасалды, алдағы уақытта еңбек нарығын қорғау саласында бақылау күшейеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде