{metadescription}

Қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.

"Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық Кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет", - делінген жарияланған құжатта.

Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.