Шахта опырылып, 50-ден астам адам үйінді астында қалды
ҚХР Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында көмір шахтасы опырылып, ондаған кенші тұзақта қалып қойған.
Фото: depositphotos.com
18:35 22.02.2023
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында түстен кейін болған. Салдарынан 50-ден астам адам үйінді астында қалып қойды. Жергілікті уақытпен сағат 17:22-дегі жағдай бойынша үш адам құтқарылды.
Оқиға орнына іздестіру-құтқару топтары жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!