{metadescription}
Президент Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

Президент Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады.

Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде