{metadescription}

Өскеменде ер адам түрмеден қашып кеткен

Өскемен қаласында түрмеден қашып кеткен адам бірнеше сағаттың ішінде ұсталды.

22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №16 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам қашып кеткен. Белгілі болғандай, ол осыдан екі жыл бұрын тонау жасағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айырылған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары ақпарат түсе саласымен бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотталған адам сол күні қолға түсті.

«Полицейлер ер адамды бірнеше сағаттың ішінде Өскемендегі көшелердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 426-бабына (қамау орындарынан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде