Бір жылда сүт 33% қымбаттаған
Майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерлен сүт қатты қымбаттаған.
13:05 23.02.2023
«2022 жылдың 12 айында саладағы өндіріс көлемі 573,3 мың тоннаға жетіп, 2021 жылдың көрсеткішінен 6,2% асты.
Өңірлер арасында өңделген сұйық сүт пен қаймақ өнімдерінің өндірісі Солтүстік Қазақстан (185,8 мың тонна), Алматы (99,2 мың тонна), Ақмола (82 мың тонна) және Қостанай (69,5мың тонна) областарында айтарлықтай артқан.
Қаңтардың қлорытындысын қарасақ, елде сүт ай сайын 1,4% өымбаттап отырған. Бұл 2022 жылдың қаңтарындағы қымбатшылық қарқынынан екі есе жылдам деген сөз (0,7%болған).
Жылдың ауқыммен қарасақ, 2023 жылғы қаңтардағы сүт бағасы 2022 жылдың қаңтарындағы сүт бағасынан 32,9% жоғары болып шықты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша мұндай қымбаттау қарқыны 2011 жылдан бергі рекорд болып отыр», - деп жазылған сараптамада.
Ресурстың мәліметі бойынша бәрінен бұрын майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерлен сүт қатты қымбаттаған – 31,2%. Қаймақ өнімдері 30%, а майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт 28,8% қымбаттаған.
Өңірлер арасында майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерлен сүт бағасы әсіресе Алматы (43,5%), Солтүстік Қазақстан (43,3%) және Жетісу (36,2%) областарында айтарлықтай өскен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!