Марат Қожаев мектепке қаруланып барған бала неге қамалғанын түсіндірді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлда мектеп оқушыларын балтамен жаралаған жасөспірімді қамауға алудың себебін түсіндірді.
15:26 23.02.2023
«Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті жасөспірім қамауда отыр. Сондықтан анасы баланың өкілі ретінде танылды. Тергеу кезінде ол қылмысқа не себепті барғаны, бұл оқиғаның деректері егжей-тегжейлі анықталады. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар үшін қамауға алу шарасы қарастырылған», - деді М. Қожаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, 13 ақпан күні Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, 3 оқушыны жарақаттады. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.
Осы әрекеті үшін бұл оқушы 2 айға қамауға алынды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!