{metadescription}
Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,36 теңгеге қымбаттап, 449, 22 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 60 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,96 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 452 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге.

Ресей рублі 5,85 - 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде