{metadescription}
Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізіледі

Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізіледі

Елордадағы елшілікте өткен брифингіде Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстан тарапынан қандай гуманитарлық көмек көрсетілгенін айтты.

«Қазақстан Үкіметі ұсынған 55 тонна гуманитарлық көмек өткен демалыс күндері жер сілкінісі болған аймақтарға жеткізілді. Біздің елшілік пен бас консулдыққа еріктілер әкелген жүктер елімізге жіберілді және апаттан зардап шеккендерге табысталды. Жиналған қосымша гуманитарлық көмек ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан бөлген ұшақтармен біздің елге жеткізіледі. Бүгін Астанадан дәл осы Ұлттық ұланға тиесілі алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ертең Алматыдан тағы бір ұшақ Түркияға жіберіледі. Осы заттарды қосқанда Қазақстаннан 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі», - деп тоқталды Уфук Екиджи.

Ол қазіргі таңда зілзаладан зардап шеккен 1,6 млн Түркия азаматының баспана мәселесі шешілгенін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.