{metadescription}

БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды

Батыс Қазақстан облысында шұғыл қонған тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті.

Бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Азаматтық авиация комитетінен нақтылап өткендей, Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.

«Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады», - делінген комитет хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.