{metadescription}
Алматыдан 609 км қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 17.24-те жер сілкінісін тіркеді.
20:05 23.02.2023
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.
MPV магнитудасы - 4,9.
Тереңдігі – 15 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!