Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстанда болған тікұшақ апатынан жарақат алып, ауруханаға түскен екі адамның жағдайы туралы мәлімет берді.
Фото: ТЖМ
10:21 24.02.2023
«Кешеден бері ол мәліметті білуге мүмкіндік болды. Бізге жағдайлары «орта ауыр дәрежеде» деп айтты. Дегенмен қазыргі таңдағы нақты жағдайлары қандай екенін сол ұйымның қызметкерлері, яғни, дәрігерледің өздері айтса дұрыс болады.
Бірақ біз таңертең қоңырау шалып білгенде орта ауыр дәрежеде деп айтты», - деді Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде.
Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!