{metadescription}
Министрлік тікұшақ апатына қатысты алғашқы мәліметтің неге жалған болғанын түсіндірді

Министрлік тікұшақ апатына қатысты алғашқы мәліметтің неге жалған болғанын түсіндірді

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатынан зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтің неге жалған болғанын түсіндірді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері әуелі тікұшақ апатынан зардап шеккендер жоқ екені туралы мәлімет қалай тарап кеткенін сұрады.

«Ол ақпарат өтірік болған жоқ. Алдын ала ақпарат деген бар. Әуелі диспетчерлер біздің тірі қалған қызметкермен байланыса алмаған болып шықты. Оқиға орнында байланыс өте нашар болған. Интернет байланыс жалпы болмаған. Телефон байланысы да нашар болған. Сондықтан олар қоңырау шалып, байланыса алған кезде біздің ТЖМ-нің апаттан тірі қалған қызметкері «тірімін» деді ме, әлде «тіріміз» деді ме, анық естілмей қалған. Сол сәтте байланыс қайта үзілген. Сондықтан алдын ала ақпарат бойынша бәрі аман деген мәлімет тарады», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Сондай-ақ ол құлаған тікұшақтың неге «апатты қонды» деп хабарланғанын түсіндірді.

«Алдын ала ақпарат бойынша, бұл апатты қонуға мәжбүр болған. Яғни, жоспарлы қону емес еді. Іс жүзінде бортты басқару мүмкін болмай кеткен. Қазір бізге мәлім дүние осы ғана. Қалғаны егжей-тегжейі тексеру кезінде белгілі болады», - деді Руслан Иманқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде