{metadescription}
Қазақстанда өтетін биатлоннан әлем чемпионатына 41 елден спортшылар келеді

Қазақстанда өтетін биатлоннан әлем чемпионатына 41 елден спортшылар келеді

Бурабайда өтетін биатлоннан әлем чемпионатына 41 шет мемлекеттен 500-ге жуық спортшы келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өткелі тұр. Ол 4-12 наурыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон кешенінде өтпек. Қазіргі таңда бұл жарысқа әлемнің 41 мемлекетінен 500-ге жуық спортшы келуге ниет білдіріп отыр. Қазақстан атынан қатысатын жеткіншектерді 26 ақпанда өтетін ҚР кубогінде жасақтаймыз. Онда спорттың бес түрі бойынша 18 жарыс жоспарланған», - деді Самат Ерғалиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.