Қаңтар айында 350 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.
10:06 25.02.2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.
Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!