{metadescription}
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын арада жұмысын қайта бастайды

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын арада жұмысын қайта бастайды

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте Премьер-Министр Әлихан Смайылов дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Премьер-Министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол пандемия басталғаннан бері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта Қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.

«Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді: елді мекендерде газ тарату желілерін, «Талдықорған - Үшарал» магистральдық газ құбырын салу, Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығын жаңарту және Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет.

Сонымен қатар, 6 ауылда сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау мен салуға, 15 апаттық жағдайдағы көпірді жөндеуге, Ақсу орталық аудандық ауруханасын жөндеуге және сейсмикалық жағынан күшейтуге қаражат бөлу мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ Кербұлақ ауданының ауруханасын жөндеуге және Талдықорғанда 500 адам қабылдауға арналған емхана салуға қаражат қарастыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрлігіне Алакөл жағалауындағы туристік нысандарды үздіксіз электрмен жабдықтау үшін желілер құрылысын кезең-кезеңмен қаржыландыру мәселесін қарастыру, Ұлттық экономика министрлігіне инженерлік инфрақұрылым салу және Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін анықтау тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде