{metadescription}
Жетісу облысында жол талғамайтын көлік жүк көлігімен соқтығысқан

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік жүк көлігімен соқтығысқан

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен тасжолының 273 шақырымында болған. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі "Жол беріңіз" белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол талғамайтын көлікте бес адам болған, оның төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

"Жол апатын тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалды", - деді ІІД басшысы Мирас Асқаров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде