Президент суды үнемдеуге шақырды
Франция президенті Эммануэль Макрон елде «су молшылығының ақыры» келгенін айтып, халықты рекордтық құрғақшылық жағдайында ресурсты үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:06 26.02.2023
Франция президенті Макрон Париждегі жыл сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне барды, онда ол басқа нәрселермен қатар жаңбыр суын жинау, су желілеріндегі ағып кетуді азайту және ауыз суды пайдалануды үнемдеу қажеттігін атап өтті.
«Ұлт суға қатысты энергетика саласында не істелсе, соған ұқсас сақтық жоспарын жасауы керек. Баршамыз – азаматтар да, өнеркәсіпшілер де, қызмет көрсетушілер де, жергілікті билік органдары да, шаруалар да тапшы болып бара жатқан бұл ресурстың қадірін білгеніміз абзал. Бұл туралы жаздың аяғында айттым, молшылықтың ақыры келді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде сауатты іске көшуіміз керек», - деді Республика Президенті.
Франция бір айдан астам уақытқа созылған тағы бір құрғақшылық кезеңін бастан өткерді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!