Аса ірі көлемде есірткі сақтаған БҚО тұрғыны 11 жылға сотталды
Батыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтаған тұрғын 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:06 27.02.2023
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ол 1 келіген жуық, дәлірек айтқанда 989,94 грамм мефедрон және 182,62 грамм гашишті өткізу мақсатында заңсыз сақтаған.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған іс бойынша тұрғынның мемлекеттік айыптаумен тағылған әрекетке қатыстылығы, соның ішінде Telegram каналы арқылы өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау ниеті толық дәлелденді. Жалдамалы пәтерден заңсыз заттардан басқа, оларды дозаларға өлшеп орауға арналған құралдар табылды.
Сот айыптау ұстанымымен келісіп, айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.
«Сотталушы айыптау үкімімен келіспей, облыстық соттың апелляциялық сатысына шағым түсірді. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!