Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ жарты миллион қорап темекі табылды
Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:22 27.02.2023
Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.
Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!