{metadescription}
Есірткі қылмысына барған 25 жасөспірім ұсталды - ІІМ

Есірткі қылмысына барған 25 жасөспірім ұсталды - ІІМ

Өткен жылы есірткі қылмысына барған 25 жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есірткі диллерлері OLX, HeadHunter сияқты жарнама сайттарында жастарды «бай боласың» деп есірткі жасыру жұмысына баурап алады. «Аз уақытта ақшаға көмілесің», «кез-келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың» деп желпіндіреді. 2022 жылы есірткі тасымалдаумен, оны жасырумен және сақтаумен айналысқан кәмелетке толмаған 25 жасөспірім ұсталды. Балалықпен, білместіктен мұндай қадамға барды деп ақтауға болатын шығар, бірақ заң – барлығына ортақ. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның дерегінше, есірткі сақтағандарға, оны таратумен айналысқандарға жаза ауыр. Қылмыстық кодекстің 296, 297-бабтарына сәйкес, 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

«Сондықтан ата-аналар балаларыңыздың немен айналысатынын, кіммен араласатынын үнемі тексеріп, бақылап отыру керек», - деді Данияр Оралов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.