{metadescription}
БҚО-да жол апатынан әйел көз жұмды

БҚО-да жол апатынан әйел көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 51 жастағы әйел көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 27 ақпан күні Подстепный-Меловые горки автожолының 4-шақырымында Жайық өзенінен өтетін көпір маңында болды.

«1993 жылғы жүргізуші Volvo жүк көлігімен 2000 жылғы жігіт айдап келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 1972 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Оған қоса ауруханаға үш адам жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, зардап шеккендер ішінде 1970 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Бас пен мидың ашық жарақатына қоса, ауыр дәрежеде миы соғылып, қан құйылған. Облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінің жансақтау бөлімшесінде жатқан оған ота жасалды.

Сондай-ақ 1973 жылңы әйел бас пен ми, кеудесінен жабық жарақат алып, миы шайқалған. Оң жақтағы екі қабырғасы сынған. Облыстық аурухананың травматология бөлімінде, жағдайы орташа ауыр. 23 жастағы жігіт оң жамбасын соғып алған. Нейрохирург пен травматологқа қаралғаннан кейін басқа тексерістен бас тартты. Амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде