{metadescription}
Доллар қымбаттады

Доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,15 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 14 теңге.

Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 73 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,5 теңге.

Ресей рубльі 5,7 - 5, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде