{metadescription}
Былтыр елдегі кәсіпорындарда болған апттардан 15 адам көз жұмды

Былтыр елдегі кәсіпорындарда болған апттардан 15 адам көз жұмды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындарда 28 авария тіркеліп, 32 адам зардап шекті.

Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты.

«Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалануда. Олардың құрамында 200 мыңнан астам қауіпті өндіріс нысандары бар. Қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтың моральдық және физикалық тозуына, оның уақыты ауыстырылмауына және жөнделмеуіне байланысты төтенше жағдайлар болу қауіпі туындайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 авария тіркеліп, салдарынан 32 адам зардап шекті. 15 адам қайтыс болды. Өздеріңіз білетіндей, осындай авариялардың бірі өткен жылы қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин атындағы шахтасында болып, салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды», - деді комитет төрағасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде