{metadescription}
Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттама ратификацияланды

Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттама ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау. Осы орайда, 2019 жылғы 20 мамырда Бішкекте жасалған екі мемлекет арасындағы хаттаманы қолданысқа, заңдық күшіне енгізу ескерілген.

Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі мынадай учаскелерді айқындады:

Қазақстан Республикасының жағынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері, ал Қырғыз Республикасының жағынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев атап өткендей, заңды ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік шекарасында тұрақтылық пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуді, өзара келісім мен сенімділікті арттыруды көздейді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Келісімге қол қою Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабында ескерілген. Келісім мүше мемлекеттердің үшінші елдермен өзара саудасындағы ЕАЭО-ның техникалық регламенттері қолданылатын өнімге қатысты кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды. Осыған дейін ЕАЭО-ның 52 техникалық регламенті қабылданды, оның 45-і күшіне енді.

Келісімде сондай-ақ мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің баламалылығы қамтамасыз етілуі тиіс екендігі көзделген. Ұсынылған тәсіл отандық өнімді ілгерілетуге бағытталған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.