{metadescription}
Досбол Бекмағамбетов экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

Досбол Бекмағамбетов экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

Үкімет қаулысымен Бекмағамбетов Досбол Боташұлы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысы дүниеге келген.

Еңбек жолын 2007 жылдың шілде айында Қарағанды облысы бойынша

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2008 ж.ж. – Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, бас маман - Нұра ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік экология инспекторы.

2008-2012 ж.ж. – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті, бас маман - Нұра ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік экология инспекторы.

2012-2016 ж.ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары. 2016 жылы Қарағанды облысы Нұра аудандық маслихатының VI шақырылымының депутаты болып сайланған.

2016-2017 ж.ж. – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.

2017-2018 ж.ж. – Ауыл шаруашылғы министрлігі Су ресурстар комитетінің «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ бас маманы - мемлекеттік инспекторы.

2018-2020 ж.ж. – Ауыл шаруашылғы министрлігі Су ресурстар комитеті «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ басшысының орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ басшысы.

2021 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары лауазымында кызмет етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.