{metadescription}
Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн жылынады

Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн жылынады

Алдағы үш тәулікте жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен елімізде жаңбыр мен қар мол түседі, ал солтүстік-батыс пен солтүстік өңірде көктайғақ, тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Елдің тек оңтүстік-шығысында, 28 ақпан мен 1 наурызда шығыста атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз термометр көрсеткіші 3-5 градусқа дейін жоғарылайды, ал оңтүстік жартысында - 15-20 градусқа дейін жылынады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана күндіз ауа температурасы 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі ықтимал», - деп болжайды синоптиктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде