{metadescription}
Малатьяда жер сілкінісінен 69 адам зардап шекті

Малатьяда жер сілкінісінен 69 адам зардап шекті

Түркияныі Малатья провинциясының Йешилюрт ауданында болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген жер сілкінісінің ошағы Йешилютр ауданында болды. Түркия үкіметінің Төтенше жағдайларды басқару және алдын алу басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 25 үй құлаған.

Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

AFAD басшысы Юнус Сезер Малатиь провинциясында болған зілзала салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адамның жарақат алғанын айтты.

AFAD халықты зардап шеккен ғимараттардан аулақ жүруге шақырды.

Еске салайық, бүгінТүркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде