Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі ашылады
2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейс ашылмақ, деп хабарлайды Индустрия министрлігі.
10:03 28.02.2023
«Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!