{metadescription}
Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды

Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды

Ақтөбе облысы әкімінің қызметіне Мавр Абдуллин тағайындалды. Ол бұған дейін де осы қызметті атқарып, кейін қала әкімі, жеке кәсіпкерлікте еңбек еткен.

ҚР Президент әкімшілігінің келісімімен Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған.

1993 – 1995 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

1995 – 2012 жылдары Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жасаған.

2012 - 2022 жылдары Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, «Ақтөбе Нефте Газ Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде