{metadescription}
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізу үшін Сыртқы істер министрлігіне келді», - делінген хабарламада.

Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республикасының өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.

Жалпы, «С5+1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.