{metadescription}

Атырау облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

Тағы 3 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 28 ақпанда сағат 07:55 шамасында болған.

«Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» (Астрахань) бағытындағы тасжолдың 492-шақырымында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмаған. Соның салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысады. Қызылқоға ауданы бағытында жүріп бара жатқан көліктегі 4 адам қаза тауып, 3 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.