{metadescription}
Каспий теңізінің жағалауынан 18 адамның сүйегі табылды

Каспий теңізінің жағалауынан 18 адамның сүйегі табылды

Дағыстан тергеушілері Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылғаннан кейін тексеріс ұйымдастырды.

Бұл туралы РФ Тергеу комитеті республика бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Каспий теңізінің жағасынан 18 адам сүйегінің табылу фактісі бойынша РФ Тергеу комитеті Дағыстан Республикасы бойынша тергеу басқармасының тергеушілері тексеру ұйымдастырды», - делінген агенттік хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша адам сүйектері ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Махачкалада жергілікті демалыс орталығының жанынан 18 адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат тараған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде