{metadescription}
Қарағандыдағы балабақшада 2 жасар баланың аяғы күйіп қалған

Қарағандыдағы балабақшада 2 жасар баланың аяғы күйіп қалған

Балабақшада термиялық күйік алған бала туралы ақпарат бірнеше күн бұрын желіде жарияланған.

Қарағанды облысының полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

«Біздің отбасымызда қиын жағдай. Екі жасар ұлымыз баратын Октябрьская көшесі, 125 мекен-жайында орналасқан «Kiddy land» жеке балабақшасы қызметкерлерінің айтуынша, олар ұлымызды жуындырмақ болады. Сол кезде қараусыз қалған бала 2-3 дәрежелі термиялық күйік алып, денесінің 4 пайызы зақымданған. Ұлым әлі оңалту сатысында. Біз кінәлілер жазасын алуы үшін әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, ата-аналарға ескерту жасағымыз келеді. Бейтаныс адамдарға балаңызды сеніп тапсырмас бұрын өте мұқият болыңыз», - деп жазады қала тұрғыны әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, фотосуреттер мен видеоларды қоса жариялайды.

«Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйіп қалу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігі (Жұмыстарды орындау не тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ал, облыстық білім басқармасы аталған балабақша ведомство балансында еместігін мәлімдеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде