{metadescription}
Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор полиция генерал-майоры Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Күдебаевқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының 2-бөлігі "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша айып тағылды. Сот процесс барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.