{metadescription}
Су тасқынының алдын алу үшін апта сайын гидрологиялық болжам ұсынылады

Су тасқынының алдын алу үшін апта сайын гидрологиялық болжам ұсынылады

Еліміздің басым бөлігінде қар қорының жиналуы жалғасуда.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 20 ақпанға дейінгі кезеңде таулы және тау бөктеріндегі өзендер бассейндеріндегі метеостанциялардың мәліметінше, жауын-шашын нормадан көп мөлшерде түскен.

«Бүгінгі күні еліміздің басым бөлігінде қар қорының жиналуы жалғасуда. Сонымен қатар наурыз, сәуір айларында көпжылдық бақылаулардың негізінде жауын-шашын қорының едәуір түсу қаупі сақталады. Алдын ала болжамға сәйкес, наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 1°-қа жоғары болады», - деді Экология министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, қардағы су қоры мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды.

«Маңғыстау облысы сын-қатер төмен аймаққа, Павлодар және Ұлытау облыстары орташа қауіптегі аймақтарға, ал еліміздің қалған өңірлері қаупі жоғары аймақтарға жатқызылды. Биылғы наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылатын болады», - деді З. Сүлейменова.

Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде